blog Images

ЖАНТ мүшесі Мұханмедин Шихыұлы мешітінде насихат айтты

ЖАНТ мүшесі, Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы Қызылсай ауылындық «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінің  жамағатымен кездесіп, «Рамазан – кешірім айы» тақырыбында кешкі насихат айтты.

Тағылымды кездесуде ЖАНТ мүшесі қасиетті Рамазан айының рухани ерекшеліктеріне тоқталып, бұл айдың пенде үшін тәубеге келіп, жүректі тазартатын, кешірімге кенелетін ерекше мүмкіндік екенін атап өтті. Сондай-ақ ол жамағатты ауызбіршілікке, сабыр мен шүкірге, өзара кешірімді болуға шақырды.