blog Images

ЖАНТ мүшесі Мұханмедин Шихыұлы мешітінде насихат айтты

ЖАНТ мүшесі, Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінің жамағатымен кездесу өткізіп, уағыз айтты.

Кездесу барысында Нұрмұхаммед Бахарамұлы «Мешітпен байланыс» тақырыбында насихат жүргізіп, жамағатқа мешітке келудің, жамағатпен бірге болудың, Алла үйіне қызмет етудің маңыздылығын түсіндірді.