blog Images

ЖАНТ мүшесі мектептегі түсіндірме жұмыстарына қатысты

Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінің имамы, ЖАНТ мүшесі Айғабыл Дәуірханұлы Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде жүргізілген түсіндірме жұмыстарына қатысты.

Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен кездесу барысында Айғабыл Дәуірханұлы ағамыз бала тәрбиесінің маңыздылығы туралы сөз қозғап, әке-шешенің бала-шағасының алдындағы міндеттері мен жауапкершіліктеріне қатысты қағидаларды қамтып насихат айтты.