![blog Images](https://beket-ata.kz/wp-content/uploads/2023/03/28.02.jpg)
![blog Images](https://beket-ata.kz/wp-content/uploads/2023/03/28.02.jpg)
ЖАНТ мүшесі мектептегі түсіндірме жұмыстарына қатысты
Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінің имамы, ЖАНТ мүшесі Айғабыл Дәуірханұлы Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылында орналасқан №10 жалпы білім беретін мектебінде жүргізілген түсіндірме жұмыстарына қатысты.
Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен кездесу барысында Айғабыл Дәуірханұлы ағамыз бала тәрбиесінің маңыздылығы туралы сөз қозғап, әке-шешенің бала-шағасының алдындағы міндеттері мен жауапкершіліктеріне қатысты қағидаларды қамтып насихат айтты.