blog Images

ЖАНТ мүшесі Баянды ауылдық мешітінде уағыз айтты

Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінің имамы, ЖАНТ мүшесі Айғабыл Дәуірханұлы Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылдық мешітінде уағыз айтты.

«Пайғамбарға деген сүйіспеншілік» тақырыбында уағыз-насихат айтқан Айғабыл Дәуірханұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа Алла елшісінің әрбір мұсылманның жүрегінде ерекше орынға ие болу керек екендігін тілге тиек етті.

ҚМДБ тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес РАНТ және ЖАНТ мүшелері өңіріміздің түкпір-түкпірінде уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айта кеткен жөн.