ЖАНТ мүшесі Баянды ауыл тұрғындарына насихат айтты
Баянды ауылында қылмыстың алдын алу мақсатында жастарды жат діни ағымдардан,сонымен қатар ауыл тұрғындарын және кәсіпкерлерді барлық қылмыстың(күнәнің) басы саналатын арақты(ішімдікті)алып-сатудан және пайдаланудан сақтандыру тұрғысынан ел-халыққа жиын өткізілді.
Жиында Баянды ауылдық мешітінің бас имамы Саламат Айтбаев насихат айтып, жат ағымдардың қоғамға тигізер кері әсері мен ішімдіктің адам өміріне, отбасына және қоғамдық ортаға әкелетін зардаптарына кеңінен тоқталды.
