blog Images

ЖАНТ мүшесі Баутино ауылдық «Әс-Сәләм» мешітінде жұма уағызын айтты

Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің имамы, ЖАНТ мүшесі Қайрат Қошкелдіұлы Түпқараған ауданындағы Баутино ауылдық «Әс-Сәләм» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

«Өз-өздеріңді өлтірмеңдер» тақырыбында жұма насихатын айтқан Қайрат Қошкелдіұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа өмір – пендеге Алла тарапынан берілген басты құндылық екенін айтып, адамның өзіне қол жұмсауы тығырықтан шығар жол емес екенін айтып, бұл әрекетке қатысты Құран аяттары мен ардақты пайғамбарымыздың хадистерінен нақты дәлелдер келтірді.