ЖАНТ мүшесі балабақша қызметкерлеріне насихат айтты
ЖАНТ мүшесі, Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа (с.ғ.с)» мешітінің бас имамы Айғабыл Дәуірханұлы балабақша қызметкерлерімен кездесіп, насихат айтты.
Кездесу барысында Айғабыл Дәуірханұлы қоғамдағы бірлік пен татулықтың маңызы жайында сөз қозғап, адамдардың бір-біріне құрметпен қарап, ынтымақты сақтауы – қоғамның берекесі екенін атап өтті. Сонымен қатар, тәрбие саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің еңбегіне алғыс білдіріп, олардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі ерекше екенін айтты.
