blog Images

ЖАНТ мүшесі Әбу Молда мешітінің жамағатымен жүздесті

ЖАНТ мүшесі, Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа» мешітінің имамы Шаденов Айғабыл Дәуірханұлы  Мұнайлы ауданы Жаңа Дәулет ауылдық Әбу Молда мешітінде құптан намазынан кейін жамағатқа уағыз айтты.

Уағыздың тақырыбы – «Намаз – діннің діңгегі» болып, имам жамағатқа намаздың мұсылман өміріндегі орны мен маңызы жайлы түсіндіріп, бес уақыт намаздың жүректі тазартатын, адамды жамандықтан тыятын ең ұлы құлшылық екенін жеткізді.