blog Images

ЖАНТ мүшесі «Әбіш қожа» мешітінде уағыз айтты

Ақтау қаласындағы «Ержан Хазірет» мешітінің бас имамы, ЖАНТ мүшесі Ахлиддин қари Мирсайдұлы Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде болды.

Ахлиддин қари Мирсайдұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа «Мұсылман — мұсылманның бауыры» тақырыбында уағыз айтып, тұщымды ойларымен бөлісті.

ҚМДБ тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес РАНТ және ЖАНТ мүшелері өңіріміздің түкпір-түкпірінде уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айта кеткен жөн.