blog Images

Жаңаөзен қаласына қарасты мешіттерге бақылау жүргізілді

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлының бастамасымен Жаңаөзен қаласына қарасты мешіттерде тексеру және бақылау жұмыстары басталды.

Әнуар Ізімбайұлы бастаған дін қызметкерлері қала және ауыл мешіттерін аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты. Бақылау барысында мешіттердің тазалығы, ресми құжаттарының реттелуі, ақпарат тақталарының жаңартылуы және кітапхана қорындағы әдебиеттердің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптауынан өткендігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар қысқы жылыту маусымына байланысты қауіпсіздік шаралары мен газ жүйесінің дұрыстығы тексеріліп, сақтандыру жұмыстары пысықталды.

Бас имам мешіт қызметкерлеріне жамағатпен тығыз байланыс орнату, діни ағартушылық бағыттағы жұмыстарды күшейту және мешіттерді қауіпсіз әрі көрікті ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жиын соңында дін қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.