blog Images

Жаңаөзеннің орталық мешітіне наиб имамдар тағайындалды

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітіне жаңадан наиб имамдар тағайындалды.

Жаңаөзен қаласының бас имамы Юнус Қадырқұлұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңа қызметкерлерді жамағатқа ресми түрде таныстырды.

Юнус Қадырқұлұлы ҚМДБ жарғысына сәйкес Шәріп Абдуллақадырұлы мен Төлемағанбетов Қажымұқан Дауылбайұлын «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамдары болып тағайындалғанын айтып, олардың жұмысына сәттілік тіледі.