Жаңаөзеннің бас имамы жастармен кездесті
Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Атамұра» мәдениет үйінде дін қызметкерлері, спорттық және патриоттық, құқықтық ұйымдар мен жастар форумының өкілдерінің қатысуымен терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш Қожа» мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы және Жаңаөзен қалалық полиция бөлімінің аға лейтенанты Рустам Абдыров шақырылды.
Юнус Қадырқұлұлы жастарға дін мәселесінде абай болу керектігін ескертіп, заманымыздың дерті болып саналатын эктремизм, терроризм қаупінің алдын-алу мәселесіне тоқталып, тұщымды ой-пікірлерімен бөлісті.