blog Images

ЖАҢАӨЗЕНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»мешітінде   Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан республикалық сайыстың іріктеу кезеңі өтті.

Рухани сайысқа ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі,Астана қалалық бас мешітінің наиб имамы Ахмет Серік Полатханұлы арнайы қатысып,жиынды қасиетті Құран аяттарын оқумен бастады.

Жарыстың ашылу салтанатында  Маңғыстаі облысыныңбас имамы  Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, қасиетті Құранды жаттау мен оны насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің бас имамы  Еркеғали Сағынбайұлы қатысушы қариларға сәттілік тілеп, мұндай рухани шаралардың жастар тәрбиесіндегі орны ерекше екенін атап өтті.

Облыстық жарысқа өңірдің түкпір-түкпірінен келген 30 шәкірт қатысып, 10, 20 және 30 пара жатқа оқу, сондай-ақ мәнерлеп оқу номинациялары бойынша бақ сынады. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, қасиетті Құранға деген құрметі мен ықыласын танытты.

Жарыс барысында 10 пара номинациясы бойынша небәрі 7 жастағы қари Құрабай Мұхәммәд Ерменбетұлының қатысуы көпшіліктің ерекше ықыласына ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер:

10 пара бойынша:

І орын – Қошман Али Талғатұлы
ІІ орын – Байнұр Бақберген
ІІІ орын – Ермухан Хамза

20 пара бойынша:

І орын – Эрджумаев Сәтжан Биисенұлы
ІІ орын – Нурлыев Сылап
ІІІ орын – Ермырза Аятжан

30 пара бойынша:

І орын – Мырзатай Рақымжан Ержанұлы
ІІ орын – Мынжасов Арыстан Қожамбетұлы
ІІІ орын – Жұманазаров Ермек Құрманғазыұлы

Мәнерлеп оқу бойынша:

І орын – Қуаныш Абуррахимұлы
ІІ орын – Омаров Айбек Аманғалиұлы
ІІІ орын – Танирберген Райымбек

Сонымен қатар, ұлттық нақыштағы киімімен ерекшеленген Рахметов Тимур Серажұлы «Көрермен көзайымы» номинациясымен арнайы марапатталды.

Жарыс жеңімпаздарына қаржылай сыйақылар табысталып, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Ауқымды шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен демеушілерге ерекше алғыс білдірілді. Атап айтқанда, «Бизнес букет» мекемесінің басшысы Бақытқожа Қыдырқожаұлы, «Жаңаөзен қайырымдылық қорының» басшысы Смағұлов Ардақ Саламатұлы және «Бұрғылау қайырымды жандар» қоғамдық қорының директоры Оналдыков Қуаныш Әмірханович игі іске демеушілік көрсетті. Сондай-ақ Жаңаөзен қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Бекбергенов Серік пен Сатаев Асқарға, мешіт жамағатына және қала имамдарына шынайы ризашылық білдірілді.

Сонымен қатар, мешіттің жанашыры Сәбиев Аманғали Сәрсенбайұлына мешіт өміріне қосқан үлесі үшін арнайы алғыс хат табысталды.

Мешіттің 30 жылдық мерейтойы аясында мешіт дамуына елеулі үлес қосқан бұрынғы бас имамдар – Әбуұлы Дүйсен қажы, Хыдырбайұлы Бекен қажы, Қошкелдіұлы Қайрат және Мұхаммедюсуфұлы Мырза арнайы төсбелгімен марапатталды. Сондай-ақ зейнеткер бас есепші Жұманова Дәметкен Нұрмұханқызына алғыс хат табысталып, құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, бұл облыстық жарыс республикалық Құран жарысына іріктеу кезеңі болып табылады. Жарыста І орын иеленген қарилар Ақтөбе қаласында өтетін XV Республикалық Құран жарысына жолдама алды.