Жаңаөзенде «Деструктивті бағыт – дін емес» атты семинар өтті
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың бес бағыты бекітіліп, жат діни ағымдардан сақтандыру бағытына ерекше көңіл бөлу қажеттілігі айтылған болатын. Осы орайда ҚМДБ-ның Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» ұйымдастырған «Деструктивті бағыт – дін емес» тақырыбында жергілікті дін қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
Ақпараттық-танымдық мақсатта ұйымдастырылған шарада Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Дауылбайұлы қалалық «Шаңырақ ш/а» мешіті, Қызылсай ауылдық «Мұханмедин Шихыұлы» мешіті, Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешіті және Теңге ауылдық «Қосай ата» және «Сәби молда Атабайұлы» мешіті сияқты құлшылық үйлерінің бас имамдары, наиб имамдары және ұстаздарына дәріс оқыды.
Бұдан бөлек, дін қызметкерлеріне «Имам – ізгі қоғам жаршысы» тақырыбында өткен V республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар таныстырылды.