blog Images

Жаңаөзенде әйелдер арасында облыстық «Сира» білім жарысы өтті

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің(с.ғ.с)өнегелі өмір жолын насихаттау, сира іліміне деген қызығушылықты арттыру және діни сауаттылықты көтеру мақсатында әйелдер арасында облыстық «Сира» білім жарысы өтті.

Облыстық деңгейде ұйымдастырылған жарысқа алдын ала 120 адам тіркеліп, 105 қатысушы қатысты. Білім сайысына Жаңаөзен қаласымен қатар Ақтау қаласы, Сайын Шапағатов ауылы, Құрық, Ақшұқыр және Бейнеу елді мекендерінен қатысушылар арнайы келді.

Жарыс Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)өмірбаяны бойынша 90 сұрақтан тұратын тест форматында өткізіліп, қатысушылардың жинаған ұпайлары негізінде жеңімпаздар анықталды.

Бас жүлде — Ұмра сапарына жолдама
Есмуханова Нұрайша — «Шаңырақ» мешіті, Жаңаөзен қаласы

І орын —Әліпбай Тілекші — Жаңаөзен қаласы ( 100 000 теңге)

ІІ орын —Жұлдызай — Ақтау қаласы ( 70 000 теңге)

ІІІ орын —Джумагазиева Пердегүл — Ақтау қаласы ( 50 000 теңге)

Жарыстың жүлде қорын «Hikmet Travel Aktau» туристік компаниясы қолдау көрсетті. Бас жүлде иегеріне Умра сапарына жолдама, ал жүлделі орын иегерлеріне жалпы сомасы (220 000 теңге) көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.

Сонымен қатар, жарысқа қатысқан әрбір қатысушыға естелік сыйлық ретінде мотивациялық сөз жазылған шоппер мен «Сира жарысы» жазуы бар қаламсап табысталды.

Шара барысында жамағаттың діни сауатын арттыруға және сира ілімін насихаттауға үлес қосқан ұстаз Жеделбай Алуаға Жаңаөзен қаласы әкімінің атынан Алғыс хат табысталды. Сондай-ақ жамағат атынан ұстазға Умра сапарына жолдама сыйға берілді.

Игі шараны ұйымдастыруға атсалысқан жамағатқа және жарыстың жүлде қорын толықтай қамтамасыз еткен «Hikmet Travel Aktau» туристік компаниясына алғыс білдіреміз!