blog Images

Жаңаөзен қаласының мешіттері 2023 жылдың жоспарын бекітті

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде жергілікті құлшылық үйлерінің имамдары жиналып, 2023 жылдың алғашқы жиынын өткізіп, жаңа жұмыс жылының жоспарын бекітті.

Жаңаөзен қаласының бас имамы Юнус Қадырқұлұлының төрағалық етуімен өткен жиынға қалалық «Шаңырақ ш/а» мешіті, Қызылсай ауылдық «Мұханмедин Шихыұлы» мешіті, Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешіті және Теңге ауылдық «Қосай ата» мешіті сияқты құлшылық үйлерінің бас имамдары және наиб имамдары қатысты.

Юнус Қадырқұлұлы оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық іс-шаралары, дәстүрлі емес діни ағымдармен жұмыс және өзге де мешіт қызметінің салалары бойынша дін қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қала мешіттерінің жылдық жоспарын бекітті.