blog Images

Жаңаөзен қаласының бас имамы мектеп оқушыларымен кездесті

Жаңаөзен қаласының бас имамы Юнус Қадырқұлұлы жергілікті №10 жалпы білім беретін мектебінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Оқушылармен болған кездесу барысында Юнус Қадырқұлұлы жат діни ағымдардан сақ болуды ескертіп, діни ілім мен білімді, ақпаратты тек мешіттер мен дін қызметкерлерден, арнайы мамандар мен ұстаздардан алу керектігін түсіндірді.

Сонымен қатар бұл білім алушыларға заманауи қоғам дертіне айналған есірткі, түрлі темекі шекпелері, алкогольды ішімдіктердің зияны туралы да мағлұмат берілді.