blog Images

Жаңаөзен қаласына жаңа бас имам тағайындалды

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында орналасқан орталық «Әбіш қожа» мешітінің бас имамы болып Қажымұқан Дауылбайұлы тағайындалды.

Жұма намазының алдында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын құлшылық үйінің қызметкерлері мен жамағатына оқып берді.

Сондай-ақ, Әнуар Ізімбайұлы бірнеше жыл бойы​ Жаңаөзен қаласының бас имамы болып қызмет атқарған​ Юнус Қадырқұлұлына​ алғыс айтып, ризашылығын білдірді.​

Төлемағанбетов Қажымұқан Дауылбайұлы бұған дейін облыстық орталық «Бекет ата» мешіті және өңірімізге қарасты өзге де ғибадат үйлерінде қызмет атқарған білікті имам, PhD доктор.