Жаңаөзен қаласына қарасты мешіт имамдарының жиналысы өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылына аясында Жаңаөзен қаласына қарасты қала,ауыл мешіттерінің дін қызметкерлерінің кезекті жиналысы өтті.
Облыс бас имамының бастамасымен өткен жиында мешіт іргесіндегі медресе ғимаратының құрылысына қолдау көрсету, сондай-ақ НМУ оқып жатқан маңғыстаулық студенттерімен тығыз байланыс орнату, Мүфтият баспасынан жарық көрген кітаптармен мешіт кітапханасын толықтыру сөз болды. ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмалар, 5 бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, мешітте атқарылатын діни шаралардың уақытында орындалуы талқыланды.Имамдардың пікірі тыңдалып, арнайы тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ,жиында өткен айлардағы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы мақсаттар сараланды.