blog Images

Жаңаөзен қаласына қарасты барлық мешітте сауат ашу курсы аяқталды

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласына қарасты барлық мешіттерде дәстүрлі «Имани жаз-2024» сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады.

1 -ай бойы жалғасқан сауат ашу курстың аяқталу құрметіне шара өтті. Шарада шәкірттерге курсты тамамдағаны туралы арнайы сертификаттар табысталып, сый-сияпаттар берілді.