blog Images

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары «Шаңырақ»мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты

Бүгін Жаңаөзен қалалық  Шаңырақ мешітіне қала әкімінің орынбасары Аймағанбетов Жаңабай Үсенбайұлы арнайы келіп, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.

Сапар барысында балаларға арналған жаңадан ашылатын футбол алаңы таныстырылып, сондай-ақ мешіт ғимараты толықтай араланып көрілді. Әкімнің орынбасары атқарылған жұмыстарға оң бағасын білдіріп, мешіттің қазіргі жағдайына ризашылығын жеткізді.

Мешіттің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы мешіттің толық жөндеуден өткенін, шәкірттерге арналған оқу сыныптарын, дәріс өткізу орындарын және құлшылық залдарын таныстырып өтті.

Бұл игі бастама – өскелең ұрпақтың рухани әрі физикалық тәрбиесіне бағытталған маңызды қадам. Осындай қолдау мен ынтымақтастыққа алғыс білдіреміз.