blog Images

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»мешітінде білім сайысы өтті

Жаңаөзен қалалық  Шаңырақ мешітінде құптан намазынан кейін мешіт жамағаты арасында IQRO Quiz атты интеллектуалды білім сайысы ұйымдастырылды.

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін — білім» деген тағылымды мазмұнды арқау еткен бұл сайыс жамағаттың үлкен қызығушылығын тудырып, тартысты әрі әсерлі жағдайда өтті. Қатысушылар діни және жалпы танымдық сұрақтар бойынша өз білімдерін ортаға салып, ой ұшқырлығын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлерін Жаңаөзен қалалық мешітінің наиб имамы Дінмұханбет Әлиұлы арнайы марапаттап, ізгі тілегін білдірді.

Аталған игі шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұйымдастырушы әрі жүргізуші Айбек Достановқа мешіт жамағаты атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.

Осындай пайдалы әрі тәрбиелік мәні зор білім сайыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.