blog Images

Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаттары «Әбіш қожа» мешітін зиярат етті

Жаңадан сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттары орталық «Әбіш қожа» мешітін зиярат етіп, құлшылық үйінің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Шара мешіт ауласына көшеттерді отырғызудан басталды. Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақұлы бастаған халық қалаулылары және құлшылық үйінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы қасиетті Құран аяттарын оқып, сауабын марқұм болған ата-бабаларымыздың рухына бағыштады.

Осыдан кейін ауызашар дастарқаны жайылып, Юнус Қадырқұлұлы ынтымақтың маңыздылығы туралы уағыз-насихат айтып, сөз кезегін Айбек Қосуақұлына берді.

Қала әкімі жиналған көпшілікті ең алдымен Рамазан айымен құттықтап, елдің қуаты – қоғамның бірлігінде екендігіне тоқталып, елдің амандығы мен халықтың бірлігінен артық еш нәрсе жоқ екенін еске салды.