Жамағатқа «Құран аяттарының хикметін» жеткізді
ҚМДБ 2023 жылғы Рамазан анықтамалығындағы уағыз-насихат бағыты бойынша жұмыс жоспарына сәйкес Алматы имамдары «Құран аяттарының хикметі» тақырыбында жамағатқа әр күнгі тарауық намазынан бұрын уағыздар жүргізді.
Игі іс-шара басында наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Орталық мешітте тарауық намазынан бұрын уағыз-насихат айтты. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Бостандық ауданы «Бәйкен» мешітінде уағыз айтып, тарауық намазына қатысты.
Қала имамдарының мешіттерде тарауық намазының алдында уағыз айтуы Рамазан соңына дейін жалғасады.