blog Images

«Мұстафа (с.ғ.с.)» мешіті: Жамағат табиғат аясында бас қосты

Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе-2 ауылының «Мұстафа (с.ғ.с.)» мешітінің жамағаты ҚМДБ бастамасымен жүзеге асып жатқан «Darhan Dala» отандық рухани туризм жобасы аясында Тамшалы мәдени демалыс аймағында болды.

Аталмыш сапар барысында мешіт имамы Серік Орынханұлы және құлшылық үйінің жамағаты Тамшалы сайын тамашалап, табиғат аясында жайылған ақ дастарқан басында сүбелі сұхбат құрды.