«Жамағат барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды
«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті және Маңғыстау облыстық қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен «Жамағат барысы» атты турнир өз мәресіне жетті.
Шара шымылдығын Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Шахзадаұлы және Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Жас Қанат» спорт кешенінде өтіп жатқан додада балуандар 75 келіге дейін және +75 келіден жоғары салмақ бойынша бақ сынады.
66 балуан қатысқан доданың нәтижесі:
+ 75 кг салмақ:
1. Ходжаназар Заманбек (Түпқараған ауданы) — кіші қажылыққа жолдама.
2. Орынбасар Кенесары (Ақтау қаласы).
3. Аллияров Азамат (Мұнайлы ауданы).
— 75 кг салмақ:
1. Қартмағамбетов Қазбек (Ақтау қаласы) — кіші қажылыққа жолдама.
2. Жұмаханов Ербол (Ақтау қаласы).
3. Олжабаев Сәуірғали (Қарақия ауданы).
Алғаш рет ұйымдастырылған бұл спорттық шараның мақсаты жамағаттың ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.