blog Images

«Жамағат барысы» турнирі басталды

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті және Маңғыстау облыстық қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен «Жамағат барысы» атты турнир басталды.

Шара шымылдығын Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Шахзадаұлы және Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Жас Қанат» спорт кешенінде өтіп жатқан додада балуандар 75 келіге дейін және +75 келіден жоғары салмақ бойынша бақ сынайтын болады.