blog Images

Жамағат арасында шағын футболдан спорттық турнирі өтті

Бесшоқы ауылында бой көтеріп жатқан мешіт құрылысына қолдау көрсету мақсатында «Жастар ісі»секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық футбол турнирі ұйымдастырылды.

Игі шараның басты мақсаты – жамағатты сауапты іске жұмылдырып, мешіт құрылысына үлес қосу, сондай-ақ спорт арқылы жастардың белсенділігін арттырып, ынтымақ пен ауызбіршілікті нығайту болды.

Турнир барысында қатысушылар спорттық шеберліктерін көрсетіп, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін ұсынды. Жарысқа қатысқан командалар ұйымшылдық танытып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.

Қайырымдылық шарасына атсалысып, игі бастаманы қолдаған барлық командаларға, ұйымдастырушыларға, төрешілерге, демеушілерге және қайырымдылыққа үлес қосқан барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Мешіт – елді имандылыққа, бірлік пен ізгілікке бастайтын қасиетті орын. Осыған орай, мешіт құрылысына жасалған әрбір қолдаудың сауабы мол болғай.