blog Images

«Жақсы келін-ырысым» облыстық келіндер сайысы өтті

ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің 2024 жылдың бағдарлық баяндамасында ұсынылған «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Маңғыстау облысы әйел қыздар секторының ұйымдастыруымен , “Жақсы келін ырысым” атты Маңғыстау облыстық келіндер сайысы өтті.

Сайысқа Ақтау мен Жаңаөзен қалаларынан және облыс аудандарынан барлығы 9 келін қатысты. Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әйел қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, Алматы қаласы өкілдігінің әйел-қыздар сектор жетекшісі Гүлмира Ілесбайқызы, Маңғыстау облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы және “Асыл аналар” әжелер мектебінің төрайымы Агадилова Ақзер анамыз қазылық етті.
Келіндер сайысы бес кезеңнен тұрды:
1- кезең — “Тегін білу тектілік”яғни өзін таныстыру сайысы;
2- кезең — Өз өнерін көрсету сайысы;
3- кезең — “Дәм думан “сайысы;
4- кезең- “Дін мен дәстүр сабақтастығы”тақырыбындағы сұрақ- жауап сайысы;
5- кезең “Кимешегім киелім” атты сән байқауы.
Сонымен қатар сайыста Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің шәкірттерінің қатысуымен “Бесік жыры қазынам” атты қойылым көрсетілді. Аналарымыз Бесіктің қасиеті мен киесін халыққа таныстырып, келіндеріміз әлди айтып , бесік жыры шырқалды.
Өнер сайысында келіндер бірінен бірі өткен өнерлерін көрсетіп, бірі домбырамен күй ойнап, бірі үйінен әзірлеп келген қолөнер бұйымдарын көрсетіп жатты.
“Дәм-Думан” сайысында, келіндеріміз ұмыт болып бара жатқан ұлттық тағамдарды атап айтар болсақ “Өрметөстік”, “Үлпершек” .
, “Бұжы” “Әсіп” дайындап келіп елді сүйсіндірді. Жеңімпазды анықтау қазылар алқасына оңайға соқпады, дегенмен оза шауып
I-орынды Ебосинова Ақтоты ( 100 мың теңге);

II-орынды Тасқынбаева Жадыра ( 60 мың теңге);

III-орынды Саркаскаева Разия (40 мың теңге) жеңіп алды.
Өзге келіндер болса “ Салт дәстүрге бай келін” , “Үлгілі келін” , “Заманауи келін”, “Пысық келін” , “Өнерлі келін” атанып, номинациялар бойынша сыйлықтарға ие болды.