blog Images

Бас имам «Зерде» оқырмандарымен кездесті

Маңғыстау аймағының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жанынан құрылған «Зерде» оқырман клубымен кездесіп, кітапсүйер қауымды Рамазан айымен құттықтады.

«Зерде» клубына 1 жыл толуына орай ұйымдастырылған шара барысында Әнуар қажы Ізімбайұлы ізгі һәм саналы қоғамды қалыптастырудағы кітаптың рөлі мен маңызы туралы баяндап, оқырмандарды кітаптарды көптеп оқуға шақырды. Әсіресе, облыс бас имамы «Muftyat» баспасынан шыққан рухани тәлім-тәрбиелік, тағылымдық астары мол еңбектермен жақын танысуға кеңес берді.

Кездесу соңында облыс бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы әр оқырманға белсенділігі үшін алғыс хат табыстап, «Пайғамбарымызды ﷺ танисыз ба?» кітапшасын сыйға тартты.

Өз кезегінде Мұнара апайымыз бастаған оқырмандар облыс бас имамына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта қасиетті Рамазан айының құрметіне «Зерде» клубының атынан ауызашар ұйымдастыратынын хабарлады.