«Зекет және қайырымдылық» қоры Балалар күнін атап өтті
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҚМДБ-ға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау облысындағы филиалы «Ақтау» қайырымдылық мекемесінің шәкірттеріне қуаныш сыйлады.
«Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау облысы бойынша өкілі Іздібай Бегенұлының бастамасы, «Turbo» ойын-сауық кешені әкімшілігінің қолдауымен балалар үшін арнайы бағдарлама ұйымдастырылып, дастарқан жайылды.
Бұдан бөлек, «Qaiyrymdylyq jarshylary» еріктілер тобының ұйымдастыруымен шәкірттер теңіз жағасына серуенге шығып, табиғат аясында демалып қайтты.