«Зайырлы қоғам – заман талабы» атты ақындар айтысы мәресіне жетті
«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Маңғыстау облысының дін істері басқармасы және Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті «Зайырлы қоғам – заман талабы» атты ақындар айтысы аяқталды.
Осымен бесінші рет өткен сөз сайысына жергілікті ақындармен қатар, Алматы, Астана, Орал қалаларында білім алып жатқан маңғыстаулық жас айтыскерлер қатысты. Олар діни экстремизм, жат діни ағымның қоғамға қаупі, дін мен дәстүр тақырыптарын тілге тиек етті.
Айтыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлде — Мейірбек Саламатов (150 мың тг);
І орын — Ербол Жұмахан (100 мың тг);
ІІ орын — Ердәулет Сардар (50 мың тг);
ІІ орын — Жанболат Әлиев (50 мың тг);
ІІІ орын — Азамат Орынбасаров (40 мың тг);
ІІІ орын — Қайырбек Теңел (40 мың тг) иеленді.
Сондай-ақ, өзге де қатысушы айтыскерлер алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Әр жыл сайын осы айтыстың өтуіне мұрындық болып, қолдау білдіріп жүрген Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Маханбетов Мақсатбек Шахзадаұлына зор ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз!