blog Images

«Зайырлы қоғам – заман талабы» атты ақындар айтысы басталды

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Маңғыстау облысының дін істері басқармасы және Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті «Зайырлы қоғам – заман талабы» атты ақындар айтысын ұйымдастырды.

Ізгі шараны Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы және Маңғыстау облысы дін істері басқармасының бас маманы Әсет Сансызбайұлы ашты.

Жыр додасын белгілі айтыскер ақын, өнер жанашыры Нұрлан Әбуғалиұлы жүргізсе, ақын Асылбек Жаңбырбай бастаған теолог мамандар мен имамдар төрелік етуде.