«Брайль дәрістерін» оқытудың алғашқы тобы курсты аяқтады
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2024 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында зағип жандар үшін мешіт жандарынан «Брайль» әдісімен Құран үйрету курстарын ашуды тапсырған болатын. Осы орайда, Шакиров Асқар Барлыбайұлының жетекшілігімен зағип жандарға арналған Брайль жүйесімен арабша оқу курсын алғашқы топ шәкірттері аяқтады.
Айта кетейік,ізгі бастама Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында Брайль жүйесі бойынша Құран әліппесін оқыту курсы өткізілген болатын.Арнайы курсты аяқтау рәсіміне облыс бас имамы қатысып, Құран үйренуге деген ықыласты жандарды құттықтап,алдағы уақытта етене жұмыс ниетте екенін айтып өтті.Көздері көрмесе де, саусағының ұшымен Құран оқуын меңгеріп, Брайль жүйесі бойынша білім алып жатқан мұндағы шәкірттерге облыс бас имамы діни сауат ашу курсының сертификатын табыстады.
Әнуар Ізімбайұлы кітапхана басшылығы мен курсқа жетекшілік еткен кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдіріп,еңбектеріне береке тіледі.Дін қызметкерлері,мешіт ұстаздары қатысуымен өткен оқу барысына жетекшілік жасаған бүкіл әлемдік Малазия ислам университетінің студенті ұстаз Шакиров Асқар Барлыбайұлын құттықтап: бойыңыздағы бар жинап-терген біліміңізді шәкіттеріңіздің санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіз, шәкіттеріңіздің білімді, парасатты болып шығуын мақсат еттіңіз,ерен еңбегіңіз елене берсін! деді облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы