blog Images

Юнус Қадырқұлұлы «Имандылық тағылымы» бағдарламасының қонағы болды

Жаңаөзен қаласының бас имамы Юнус Қадырқұлұлы Janaozen TV телеарнасында шығатын «Имандылық тағылымы» бағдарламасының қонағы болды.

«Құмар ойын – қоғам дерті» тақырыбында өткен сұхбат барысында Юнус Қадырқұлұлы бұл қауіпті құбылыстың адам баласына зияны туралы айтып, осы мәселеге қатысты қасиетті Құран аяттары мен ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен мысалдар келтірді.