blog Images

«Ыбырайым ахун»мешітінде жамағатмен айлық отырыс өтті

Бейнеу аудандық«Ыбырайым ахун» мешітінде жамағаттың бірлігін арттыру, өзара бауырмалдықты нығайту мақсатында дәстүрлі айлық отырыс ұйымдастырылды.

Тағылымды басқосуға арнайы қонақ ретінде Ақтау қалалық«Ержан хазірет» мешітінің наиб имамы Ержан Бақытжанұлы қатысып, жамағатқа насихат айтты. Кездесу барысында мұсылманның көркем мінезі, ауызбіршілік пен бауырмалдықтың маңызы жөнінде тағылымды ойлар ортаға салынды.

Жиын соңында жамағат ізгі тілектерін білдіріп, елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.