blog Images

«Ыбырайым ахун»мешітінде Ораза айт мерекесі атап өтілді

Бейнеу аудандық орталық «Ыбырайым ахун» мешітінде Ораза айт мерекесі кең көлемде аталып өтті.

Айт күні мешіт ауласында түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, жамағатқа ерекше мерекелік көңіл-күй сыйланды. Сонымен қатар, келуші ағайынға арнайы ағаш үйлер тігіліп, қонақтарға қолайлы жағдай жасалды.

Шара барысында 300 балаға Ораза айтқа арналған тәттілер таратылып, бүлдіршіндердің қуанышына себеп болды. Мерекелік іс-шараның басты мақсаты – жамағат арасында бірлікті нығайтып, ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын дәріптеу болды.