blog Images

«Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде Құран жарысы өтті

Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деген өсиетін жүзеге асыру мақсатында Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде Құран жарысы ұйымдастырылды.

Жарысқа қатысушылар «Фил» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу (мектеп жасындағы шәкірттер), «Дұха» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу (ересектер), сондай-ақ Құран Кәрімді мәнерлеп оқу аталымдары бойынша бақ сынасты.

Құран жарысына «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінің наиб имамдары Абилов Ертай және Төленов Нұрхат сынды білікті дін қызметкерлері қазылық етті.

Баға беру барысында үміткерлердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.

Жарыс нәтижесі төменде:

«Дұха» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу (ересектер арасында):

І орын – Кәміл Азат;

ІІ орын – Жұмашев Ғалымжан;

ІІІ орын — Өмір Төлеген.

«Фил» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу (мектеп жасындағы шәкірттер арасында):

І орын – Мейірлан;

ІІ орын – Темірлан;

ІІІ орын — Жүсіп.

Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша (ересектер арасында):

І орын – Сатаев Ерлан;

ІІ орын – Әлібиев Нұржан;

ІІІ орын — Бауыржан Құралбайұлы;

ІІІ орын — Сүлейменов Сәкен.

Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша (мектеп жасындағы шәкірттер арасында):

І орын – Исламбек;

ІІ орын – Мейірбек;

ІІІ орын — Айболат.

Аталмыш жарыста жүлделі орын алған ересек қатысушыларға қаржылай сыйлықтар, ал мектеп жасындағы шәкірттерге арнайы сый-сияпат табыс етілді.