blog Images

«Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде білім сайысы өтті

Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде «Білім адам баласының ортақ қазынасы» атты сайыс ұйымдастырылды.

Мешіт бас имамы Адайбек Мақанұлы және жергілікті дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің жамағатынан құралған 4 топ ҚМДБ жанындағы «Muftiyat» баспасынан шыққан кітаптар негізінде ақида, фиқһ, сира, Ислам тарихы, сондай-ақ Қазақстан тарихы және мектеп бағдарламасы бойынша түрлі сұрақтарға жауап беріп, өзара бақ сынасты.

Сайыс қорытындысы нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған командалар дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.