blog Images

«Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешіті жамағатының айлық отырысы өтті

Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде ақпан айындағы жамағаттың айлық отырысы ұйымдастырылды.

Мешіт бас имамы Адайбек Мақанұлы және жергілікті дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен жүзеге асқан шараға құлшылық үйінің жамағаты шақырылып, ақ дастарқан басында қонақ болды.

Шара барысында Боранқұл ауылдық мешітінің имамы Рүстем Əділұлы «Жамағат бірлігі» тақырыбында уағыз-насихат айтып, жиналған көпшілікті рухани нәрмен сусындатты.

Бұдан бөлек викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген азаматтарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Игі дәстүрге айналған айлық шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттері жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.