blog Images

«Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешіті 20 отбасыға қайырымдылық жасады

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешіті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Игі шара барысында аудан бас имамы Адайбек Мақанұлы бастаған еріктілер әлеуметтік жағдайы төмен 20 жанұяға бір айлық азық-түлік «Рамазан қоржындарын» жеткізіп, қолма-қол табыс етті.

Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінің ұжымы осы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!