«Ыбырайым ахун» мешітінде жылдың алғашқы айлық отырысы өтті
Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде қаңтар айындағы жамағаттың айлық отырысы ұйымдастырылды.
Игі шараға Ақтау қалалық «Ержан Хазрет» мешітінің наб имамы Бахитжанұлы Ержан арнайы келіп жамағатқа ауызбіршілік,бауырмалдық жайлы уағыз-насихат айтып, жиналған көпшілікті рухани нәрмен сусындатты.
Дәстүрге айналған айлық шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттері жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.