blog Images

Ыбырайым ахун мешітінде «Рамазан сыйы»қайырымдылық шарасы өтті

Бейнеу аудандық орталық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы»мешітінде қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан сыйы» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен және мұқтаж 31 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Қайырымдылық көмегін мешіттің бас имамы Адайбек Мақанұлы табыстап, жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтап, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – сауапты іс екенін атап өтті.

Шараның басты мақсаты – қасиетті айда қайырымдылық жасап, қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттыру.