blog Images

Ыбырайым ахун мешітінде Құрбан айтқа орай мерекелік шара өтті

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Бейнеу аудандық Ыбырайым ахун мешітінде айт мерекесі аталып өтті.

Мешіт ауласында ұлттық нақыштағы ағаш үй тігіліп, мерекенің сәнін келтірді. Сонымен қатар жамағат арасында спорттық жарыстар өткізіліп, қатысушылар белсенділік танытып, өзара бақ сынасты.

Мереке барысында балаларға ерекше көңіл бөлініп, кішкентай бүлдіршіндерге балмұздақ таратылды. Бұл шара балалардың қуанышын арттырып, айт мерекесінің шаттыққа толы атмосферасын қалыптастырды.

Жиналған жамағат бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтап, елге амандық, жұртқа тыныштық пен береке тіледі.