blog Images

«Ыбырайым ахун» мешітінде Мәуліт мерекесі атап өтілді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәуліт айының құрметіне  мәуліт жыры оқылып, салауаттар айтылды.

Игі шараға РАНТ мүшесі Юнус Қадырқұлұлы,мешіт жамағаты,мешіт ақсақалдары  да қатысты.Жиында Юнус Қадырқұлұлы Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір жолынан насихат айтты.Сондай ақ,арнайы ақ дастархан жайылып,жамағат арасында спорттық шаралар ұйымдастырылды.Жиын соңында мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, аман-саулық тілесіп тарқасты.