blog Images

«Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешіті «Рамазан базарлығы» жобасына үн қосты

Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешіті «Рамазан базарлығы» жобасына үн қосты.

Игі шара аясында аудан имамы Адайбек Мақанұлы бастаған дін қызметкерлері және еріктілер жас ұрпаққа Рамазан айының мерекелік көңіл-күйін сезіндіру мақсатында жергілікті Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде ем қабылдап жатқан 100 балаға тәттілер салынған базарлық қорапшаларын үлестірді.

Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінің бас имамы Адайбек Мақанұлы және құлшылық үйінің ұжымы осы игі шараға қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс білдіреді. Алла сіздерге разы болсын!