«УАҚЫП»ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ -МАҢҒЫСТАУДА
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ҚМДБ «Уақып»қорының директоры Азамат Әбдікерімұлының қатысуымен «Уақып– сарқылмас қазына» атты семинар өтті.
Семинар барысында имамдарға уақып мәдениеті, қор қызметінің бағыттары және уақыпнама түсіндірмесі кеңінен түсіндірілді. Азамат Әбдікерімұлы уақыптың қоғамдағы рөлі, оның діни және әлеуметтік маңызы, сондай-ақ мешіт жанындағы қайырымдылық істерін жүйелеу жолдары туралы баяндама жасады.
Жиынға өңірдің қала және аудан мешіттерінің имамдары қатысып, уақып саласындағы тәжірибе алмасып, өзара пікір бөлісті.






