blog Images

ҚМДБ«Уақып» қорының басшысы облыстық мешіт жамағатымен жүздесті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы мешіт жамағатымен кездесті.

Кездесу барысында Азамат Әбдікерімұлы уақып ұғымының мәні мен маңызына тоқталып, қордың еліміз бойынша атқарып жатқан игі істері жөнінде кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ, жамағатқа уақып мәдениетін жандандырудың қоғам өміріндегі орны мен сауапты істерге себеп болатын тұстары жайлы түсіндірді.