Волейболдан қайырымдылық турнир өтті
Қарақия аудандық орталық мешітінің ұйытқы болуымен волейболдан қайырымдылық турнир ұйымдастырылды.
Абдурахим Мұрамадымұлы есімді кішкентай бауырымыздың еміне қаржылай көмектесу мақсатында өткен спорттық шараға 5 команда қатысты.
Жарыс нәтижесінде жиналған 80,000 теңге қаржыны Қарақия аудандық мешітінің бас имамы Руслан Сержанұлы Абдурахимнің әкесіне табыстап, сәбидің дертіне шипа тіледі.
«Мұсылман ‒ мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды және оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла Тағала оның айыбын Қияметте жасырады», ‒ деген пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисіне амал жасап, осы игі шараға қолдау білдірген азаматтарға Алла разы болсын!